Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің экожүйесін сақтаймыз деп келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің экожүйесін сақтаймыз деп келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Форум барысында Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды.
Тараптар, құжатқа сәйкес, Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласындағы мәселелерді реттеудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға келісті.
Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- Жайық өзені және бассейнінің экожүйесін жақсарту мен трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі бірлескен әрекеттерді және іс-шаралар жоспарын дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласында жаңа технологияларды қолдануға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласында ғылыми-зерттеу ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің ынтымақтыстығына ықпал ету;
- Тұяқты жануарларды, суда жүзетін құстар мен балықтарды қоса алғанда, Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің жануарлар әлемін сақтау бойынша ұсыныстар дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзенінің алқаптық бөлігінде заңсыз орман шабу, орман зиянкестері мен аурулары және ормандардың өртенуімен күресу жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің орманды өңірін көбейту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзен бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі шаралар туралы тарап мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жұртшылықты хабардар ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін климаттың өзгеруіне бейімдеу жөнінде ұсыныстарды дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін нүктелік көздерден, сол сияқты диффуздық көздерден, ластау жүктемесін азайту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейні экожүйесінің жай-күйі туралы ақпарат алмасу және Жайық трансшекаралық өзенінің бассейнінде төтенше жағдайлар туындаған кезде оның трансшекаралық әсерін жою мен азайту жөніндегі тараптардың бірлескен шараларды қабылдау тетігін жасау, сонымен қоса, басқа да ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы өзара ынтымақтастық.
Құзыретті органдар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі болып табылады.
Сонымен қатар, келісімді үйлестіру және іске асыру мақсатында тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясын құру туралы шешім қабылдады. Комиссия тараптар тағайындайтын екі тең төрағаның басшылығымен жұмыс істейтін болады, ал комиссия құрамын тараптардың тең өкілеттілігі қағидаты негізінде тең төрағалар анықтайды. Комиссия отырыстары жылына кем дегенде бір рет өткізіліп тұратын болады.