Қазақстан мен Ресей қолданушылары YouTube-тағы ақауға шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресей қолданушылары YouTube-тағы ақауға шағымданды Фото:depositphotos.com/ rafapress

Қазақстан мен Ресейде танымал YouTube видеохостингі кейде мүлде жұмыс істемей, кейде ақаумен істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресейде танымал YouTube видеохостингі кейде мүлде жұмыс істемей, кейде ақаумен істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Downradar сайтының деректеріне сәйкес, YouTube-тың істемей қалуына қатысты ең көп шағымдар Астана уақытымен сағат 15:00-де тіркелген. Ең көп пікір қалдырғандар – Астана, Алматы, Петропавл, Мәскеу және Санкт-Петербург тұрғындары.

Downradar сайтынан скриншот

Қазіргі уақытта YouTube-тың басты беті шынымен де ұзақ жүктеледі. Бейнелер әдеттегіден баяу ашылады.

Downdetector порталының мәліметіне сүйенсек, бейнехостингтің жұмысына байланысты ақаулар туралы әртүрлі елдердің қолданушылары 4 қыркүйекте Астана уақытымен 22:17-де жиі шағымданған. 5 қыркүйек күні түстен кейін де шағымдар түсіп отырған, бірақ сәл азайған.

Downdetector сайтынан скриншот

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети