Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров Өскеменде кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров Өскеменде кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"6-7 тамызда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға, Өскемен қаласына сапары болады", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, сапар шеңберінде 6 тамыз күні сағат 16.00-де Сергей Лавровтың ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовпен кездесуі болады, содан кейін екеуі бұқаралық ақпарат құралдарына алдына бірлесіп шығады.