Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары Алматыда кездесті

Сурет РФ үкіметінің сайтынан алынды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 желтоқсанда Алматыда ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының үкімет басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті. Кездесу барысында үкімет басшылары екіжақты сауда-саттық, экономикалық, сонымен қатар электр энергетикасы, мұнай мен газ, көлік және ғарыш салаларындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылады" деп хабарлайды ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметіндегілер.

Ресей үкіметінің сайтында да кездесу барысында қос тараптың премьер-министрі екіжақты ресейлік-қазақстандық экономикалық әріптестікті, сонымен қатар Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады деп хабарланған.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама