Ыстамбұлда Түркі кеңесі елдерінің сыртқы істер министрлері бірлескен отырыста кездесті. Олар Ауғанстандағы жағдайды талқылады, сонымен қатар бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ сайтына сілтеме жасап.
Ыстамбұлда Түркі кеңесі елдерінің сыртқы істер министрлері бірлескен отырыста кездесті. Олар Ауғанстандағы жағдайды талқылады, сонымен қатар бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ сайтына сілтеме жасап.
27 қыркүйекте Ыстамбұлда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің Ауғанстандағы ахуал жөніндегі Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.
"Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерге, бірінші кезекте гуманитарлық салада және БҰҰ-ның орталық үйлестіру рөлінде өз үлесін қосуды жалғастырады", - деді Қазақстан СІМ басшысы.
Осыған байланысты ол Қазақстанның БҰҰ құрылымдары арқылы Ауғанстанға көмек көрсетуге БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын ерекше атап өтті.
Тараптар терроризмнің таралу, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және босқындар легі тәуекелдерін ескере отырып, жағдайдың одан әрі дамуына мониторинг жүргізу қажеттігін айтты.
Конференция қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, онда тараптар ауған мәселесін халықаралық гуманитарлық құқықты сақтай отырып саяси реттеудің маңыздылығын және Ауғанстанға бейбітшілікке, ұлттық келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізуге көмектесуге дайын екенін растады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!