23 мамыр 2020 | 10:45

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері маусымда ашылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері маусымда ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері маусымда ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлымен телефонмен сөйлескен.

"Министрлер екі елде де эпидемиологиялық жағдай жақсарса, барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, биыл маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады", - делінген хабарламада.  

Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артып, 239 мың тонна болды. Автомобиль көлігі саласында 42 пайызға өсім болып, 65,2 тоннаны құрады. Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Еске салайық, бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов елдердегі карантиннің әлсіреуі және шекараның ашылуы хабарланғанмен, қазақстандықтарға әлі де саяхатқа шықпауға кеңес берді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети