Қазақстан мен Түркияның міндеті - екіжақты сауда және өзара инвестициялар көлемін арттырудың жаңа жолдарын іздеу. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов екі ел арасындағы Стратегиялық жоспарлаудың бірлескен тобының үшінші отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Жаһандық экономикадағы қиындықтар сақталған жағдайдағы біздің ортақ міндетіміз - екіжақты сауда және өзара инвестициялар көлемін арттырудың жаңа жолдарын іздеу", - деді Ерлан Ыдырысов.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы экономиканың агроөнеркәсіп кешені және инфрақұрылым, құрылыс, фармацевтика, металлургия және т.б. басым салаларында "Жаңа Синергия" екіжақты бағдарламасы аясында ірі жобаларды қаржыландыру мен іске асырумен айналысатын, бірлескен Қазақстан-Түркия инвестициялық және инфрақұрылымдық қорларын құру жұмыстарын жандандырудың қажеттілігіне баса назар аударды.
Ерлан Ыдырысов Қазақстанның түрік өндірісі мен компанияларын орналастырып, кейіннен оларды Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Ресей және Қытай нарықтарына шығарудың өңірлік хабы бола алатындығын айтып өтті.
"ЕАЭО шеңберінде тауар, капитал, қызметтер мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы кепілдендірілген, сол себепті де Түркияның іскери орталары Қазақстанды 180 миллион адамнан астам халқы бар ортақ нарық ретінде қарастыруы керек", - деді министр.
Еске сала кетейік, Алматыда Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы екі ел арасындағы Стратегиялық жоспарлаудың бірлескен тобының үшінші отырысын өткізді.
Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге, соның ішінде Қазақстан-Түркия Үкіметаралық экономикалық комиссиясының тиімді жұмысына жәрдемдесіп, белсенді ықпал етуге келісті.