Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Түрікменстан Президенті ретінде Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келгені үшін Сердар Бердімұхамедовке шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Түрікменстан біз үшін салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діні ұқсас бауырлас ұлт әрі сенімді серіктес екенін атап өтті.

"Біз - түбі бір түркі халықтарымыз. Әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Осындай құндылықтар - ең басты байлығымыз. Сондықтан бауырластық қарым-қатынасты нығайту - ортақ парызымыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгін Сердар Бердімұхамедовпен екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқанын мәлімдеді. Сондай-ақ кездесу нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжаттарға қол қойылды.

"Мен бүгінгі келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалаймын. Бүгін біз қазақ-түрікмен қарым-қатынасының стратегиялық маңызын тағы да нақтыладық. Екі тарап та бауырлас халықтарды одан әрі жақындатуға талпыныстарын білдірді. Біз достық ниеттегі әрі өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтудің басымдықтарын анықтадық. Сауда-экономикалық серіктестікке айрықша назар аударылды. Бірлескен шаралардың арқасында былтыр екіжақты тауар айналымы екі есе өсіп, 250 миллион доллардан асты. Бұл бағыттағы оң динамика биыл да сақталды. Жеті айда өзара сауда-саттық көлемі 2 есе өсті. Екі елдің үкіметтері мен іскерлік топтары арасында байланыс жандана түсті. Экономиканың әртүрлі саласындағы бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейте түсуге мүмкіндік мол. Мәселен, Қазақстан Түрікменстанға шығаратын экспортын 80 тауар түріне дейін ұлғайта алады.

"Біздің мақсатымыз - өзара сауда-саттық көлемін алдағы жылдары 500 миллион долларға дейін арттыру, ал келешекте миллиард долларға жеткізу. Бұл үшін Тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмыс тобының қызметін жандандыруға тапсырма бердік. Екі елдің үкіметтері біздің тапсырмамыз бойыша осы мүмкіндіктерді қарастырады", - деді Президент.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы және ашық әрі өзара түсіністік жағдайында өткен сындарлы келіссөздер үшін алғыс айтты.

"Қазақстан Президентімен кездесуіміз екі мемлекет басшыларының арасында барлық бағыт бойынша өзара қарым-қатынасты дамытуға ерік-жігер, дайындық, сондай-ақ оны жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер бар екенін көрсетті. Мұны нық сеніммен айта аламын. Біз жаһандық күн тәртібіндегі маңызды бағыт саналатын тұрақты даму мен оның құрамдас бөлігі саналатын энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық көлік-транзит жолдарын дамыту, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ортақ іс-әрекеттерді үйлестіру ісін жалғастырамыз", - деді Түрікменстан Президенті.

Сондай-ақ Сердар Бердімұхамедов бүгінгі келіссөздер нәтижелі болғанын жеткізіп, Қазақстан Президентін Түрікменстанға кез келген қолайлы уақытта сапармен келуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro