Қазақстан мен Украина ірі арнайы операция жүргізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Украина ірі арнайы операция жүргізді видео кадры

23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Украинаның Ұлттық полициясы және Бас прокуратурасының кеңсесімен, сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасымен бірлесіп, алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Украинаның Ұлттық полициясы және Бас прокуратурасының кеңсесімен, сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасымен бірлесіп, алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Черновцы мен Одесса қалаларында ұзақ мерзімді бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысқан алаяқтық call-орталық жойылды.

"Қылмыскерлер алдын ала құрылған схема бойынша әрекет еткен. Олар жәбірленушілерге Қазақстанның Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, "күдікті операциялар" мен "террористік ұйымдарды қаржыландыру" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген. Осылайша психологиялық қысым жасаған", - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

ІІМ мәліметінше, топ нақты иерархиядан тұрған. Әркім өз рөлін атқарған. Онда әкімшілер, HR-менеджерлер, "клоузерлер", техникалық қызметкерлер, тіпті "күштік блок" болған.

"Қылмыстық жолмен алынған ақша call-орталықтың жұмысына, автокөлік сатып алуға және тағы да басқа нәрселерге жұмсалды. "Кеңсені" ұстау үшін ұйымдастырушылар айына 60 мың АҚШ долларын жаратқан, ал күдіктілердің бірі соңғы алты айда бес көлік сатып алған. Бір мезгілде күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша және сall-орталықтың өзінде жүргізілген тінту барысында 30-дан астам компьютерлік техника, 79 ұялы телефон, sim-карталар, нысанды киім-кешек, құқық қорғау және арнайы органдардың, Ұлттық банктің қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер, сондай-ақ басқа да айғақтар тәркіленді", - деді Аслан Өскембаев.

Тәркіленген құрылғыларда deepfake технологиясы арқылы бейне мен дауысты өзгертуге арналған арнайы бағдарламалық жасақтама табылғаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша қаскүнемдер Қазақстан тұрғындарын 900 миллион теңгеден астам сомаға алдаған.

Арнайы операция нәтижесінде, Украинаның тоғыз азаматы ұсталып, оның бесеуі қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети