Қазақстан мұнайдың баррель құны 20 долларға дейінгі түсу жағдайында әрекет ету жоспарын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Жолдау кезінде Президент Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары баррельдің құны 10 долларға түскен кездегі қиындықтарды жеңгенін айтты. "Менің тапсырмам бойынша мұнайдың бағасы баррель құны 30, 20 долларға түскен жағдайда әрекет ету нұсқалары дайындалды. Әрине, бұл оңай болмайтынын түсінуіміз керек. Мұндай жағдай туындаса да, біз бірге ол қиындықты жеңіп шығамыз", - деді Назарбаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қазір үкімет пен аймақтық әкімдер экономикалық өсімді ұлғайту, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, елдің кірісін үлкейтуді мақсат ету керектігін айтқан болатын. "Үкіметтің дағдарысты еңсеретін механизмдері мен тәсілдері бар екенін білемін. Мен үкіметтің осы жылға арналған республикалық бюджет туралы ұсынысын және Парламент қарайтын үш жылға арналған бюджет жобасын қолдадым", - деді Мемлекет басшысы.