03 сәуір 2014 | 11:25

Қазақстан мұсылман әлеміне үлгі болады - Ливан саясаткері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ливанның экс-премьер-министрі, ел Парламентінің "Мустакбаль" партиясы парламенттік блогының көшбасшысы Фуад Синиорадан сүйініш білдірген хат алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Ливанның экс-премьер-министрі, ел Парламентінің "Мустакбаль" партиясы парламенттік блогының көшбасшысы Фуад Синиорадан сүйініш білдірген хат алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Автор өзінің хатында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауымен зор қызығушылықпен танысып шыққанын, онда елдің болашағы көрініс тапқанын және басты мақсатқа – Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға қол жеткізу жолдары айқындалғанын айтады.

Синиора Жолдауда аталған даму бағыттарының араб және мұсылман әлемі үшін ерекше мәні бар екенін атап өткен. "Сіз біздің ислам әлеміндегі талқылауларымызда айтыла бермейтін аса маңызды тақырып – өсім, жаңғырту және экономикалық дамудың маңызды әрі тиімді біріктірушілік қағидаттар болып саналатыны туралы айттыңыз", – делінген хатта.

Автор Қазақстанның даму жолында алға қойған мақсаттарға қарай қадам баса отырып, өзге мұсылман және араб елдері үшін үлгі болатынына сенім білдіріп, хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және барлық ойға алған жоспарларын іске асыру жолында табандылық тілеген. Айта кетейік, Ливанның экс-премьер-министрі, Ливан Парламентінің депутаты Фуад Синиора 2011 жылы VII Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы шеңберінде Астанаға келген болатын. Синиора мырза сол кезде Қазақстанның Үкімет басшысы болған Кәрім Мәсімовпен кездесті.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети