09 қыркүйек 2014 11:12

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан қажы Малғажыұлы ©tengrinews.kz Ержан қажы Малғажыұлы ©tengrinews.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды. Мұндай шешімді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы алқалы отырыста шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жақын күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аппаратының негізгі бөлігін Астана қаласына көшіруіміз керек. Бұл - діни басқарма үшін аса маңызды жұмыстардың бірі. Астанада жұмыс қарқынын күшейтеміз. Елордада діни басқарманың жаңа ғимаратының құрылысы басталғанына қарамастан, уақытша кеңсе табуды наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевке тапсырамын", - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Діни басқарманың отырысында Бас мүфти Алматыдағы ғимаратта жұмыс жүйелі жүргізіле беретінін де айта кетті. "Кейбір адамдар діни басқарма біртұтас көшетін болыпты дейтін көрінеді. Олай емес. Мәдени, әдеби, діни ошағымыз - Алматы әрқашан мүфтият үшін маңызды. Осындағы ғимаратта да жұмыс істейтін боламыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети