Қазақстан оқушыларына сыйақы беру туралы заңға қол қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: БҒМ Сурет: БҒМ

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдер туралы нормаларды көздейтін "Білім туралы" заңға түзетулер енгізді. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдер туралы нормаларды көздейтін "Білім туралы" заңға түзетулер енгізді. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК  (4,77 миллион теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3,18 миллион теңге), қола медальға 500 АЕК (1,55 миллион тенге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.
Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі. Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

"Кеше Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтадым. Жеңімпаздарға дипломдарын табыстап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап бердім.

Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық аймағының 920 қатысушысы иеленді. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанды. Олар аудандық, қалалық, облыстық олимпиадалардың елегінен өтіп, республика көлеміндегі үздіктердің үздігі атанды", - деп бөлісті министр.

Аймағамбетов жас қатысушылардың жеңістері барынша әділ болуы үшін биыл барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесі автоматтандырылғанын, яғни олар электрон форматта өткенін айтты.

"Былтыр оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі олимпиадаларда жеңіп алған медальдары рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл өз рекордымызды жаңартамыз деп үміттенемін", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer