Қазақстан омбудсмені Еуропарламент депутаттармен адам құқығын қорғау мәселелерін талқылады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Парламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің бір топ депутаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Парламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің бір топ депутаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Омбудсменнің шақыруымен бұл кездесуге "қаңтар оқиғалары" кезінде жабық мекемелердегі жағдайға мониторинг жүргізген ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары да онлайн қатысты. ҰАТ қатысушылары төтенше жағдай кезінде азаматтық қоғам өкілдерінің арнайы мекемелерге кедергісіз кіруі және дер кезінде жедел ден қоюы адам құқықтарын бұзудың алдын алуда айтарлықтай маңызды екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, саяси жаңғыру кезеңінің алдында тұрған біздің еліміз үшін азаматтық қоғам институтының өкілдерін құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғауда жаңарту процесіне белсенді тарту қажет. Осы орайда озық халықаралық тәжірибелер мен қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, олардың сапалы және жан-жақты сараптамалық белсенділігі маңызды болмақ.

"Осы тұрғыда күш-жігерімізді және әрбір тұлғаның құзыреттілігін біріктіру арқылы ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізуге болады. Біздің кездесулеріміз проблемалық аймақтарды анықтап қана қоймай, осындай жиындар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жүйелі түрде шешуге септігін тигізуі тиіс деп ойлаймын", - деп түйіндеді Э.Әзімова.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар адам құқықтары саласындағы бірқатар мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro