Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады Фото:depositphotos.com

Қазақстан бойынша сирена қосылады. Елімізде 23 қарашада ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бойынша сирена қосылады. Елімізде 23 қарашада ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 23 қарашада сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) республика бойынша электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Осы іс-шара "Қыс-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдай кезінде әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы керек.

"Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес береді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети