Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады Фото:depositphotos.com

8 ақпанда Астана уақытымен 12:55-те бүкіл Қазақстан бойынша "Баршаның назарына!" дабылы қағылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 ақпанда Астана уақытымен 12:55-те бүкіл Қазақстан бойынша "Баршаның назарына!" дабылы қағылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

"Сонымен қатар, "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети