Қазақстан өңірлеріндегі білім сапасында алшақтық бар - министр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өңірлеріндегі білім сапасында алшақтық бар - министр Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан өңірлері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан өңірлері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"PISA 2018 нәтижелері ауылдық және қалалық мектептер арасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өңір арасында да білім сапасында алшақтық бар екенін көрсетті. Әрине, бұл алаңдайтын жағдай", - деді министр білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, мысалы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы қалалық мектептердегі білім сапасының көрсеткіштері Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы ауылдық мектептерден төмен.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің басшысының айтуынша, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қала мен ауыл мектептері арасындағы білімде айтарлықтай алшақтық бар.

"Атырау облысының мектеп оқушылары PISA-ның барлық үш пәні бойынша (математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы) республикада ең төменгі балл жинады және басқа өңірлердегі құрдастарынан едәуір артта қалды. Осыған қарамастан, Атырау облысындағы студенттердің жартысынан көбі қала мектептерінің оқушылары", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети