Қазақстан өңірлерінің бірінде жүргізушілерді дрондар бақылайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Маңғыстау облысында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті республикалық тасжолдар мен өңірдегі жолдарда жол қозғалысын бақылау үшін дрондарды қолдану басталғанын мәлімдеді.

"Ұшқышсыз ұшу аппараттары жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді. Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады полиция.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети