27 мамыр 2021 18:00

Қазақстан оптимистік сценарий бойынша келе жатыр - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай оптимистік сценарий бойынша келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай оптимистік сценарий бойынша келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көріп жүргеніңіздей, үнемі болжамдар жасалады. Кейде болжамдар неге әртүрлі деген түсінбеушілік те туады. Екі апта сайын жаңа деректерді ескере отырып, оны (болжамды) жаңартамыз, бұл дұрыс. Бұған дейін сәуірдің соңында - мамырдың басында жағдай тұрақталады дедік. Қазір оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз", - деді Цой Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Денсаулық сақтау министрі елде белсенді вакцинация жүргізіліп жатқанын, бұл жалпы статистикаға әсер ететінін айтты.

"Осы сценарий бойынша болашақта бұл жағдайдан шығамыз деп үміттенеміз. Қазір күзге дейін болжам жасалған. Сол сценарийді орындау үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ведомство басшысы.

Кеше, 26 мамырда Үкімет отырысында Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийі туралы айтқан болатын.

Пессимистік болжамға сәйкес, вакцинаның тиімділігі 60 пайызды көрсетсе, биыл маусым-қыркүйек аралығында COVID-19 жұқтырғандар саны шамамен 95 мыңға жетеді. 

Реалистік болжам бойынша, вакцинаның тиімділігі кемі 80 пайыз болса маусым-қыркүйек айлары аралығында коронавирус жұқтырғандар саны 69 мыңға жетеді. 

Оптимистік болжамға сүйенсек, тиімділік 95 пайызға жетсе, маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар көрсеткіші 61 мың адам болады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети