24 мамыр 2023 | 09:22

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жағдай: МКК пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Almaty.tv. Фото: Almaty.tv.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүктер мен көліктерді өткізу қабілетін арттыру және процестерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Қазақстан-Өзбекстан шекарасына баратын Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Сыртқы істер министрлігі мамандары қосылған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүктер мен көліктерді өткізу қабілетін арттыру және процестерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Қазақстан-Өзбекстан шекарасына баратын Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Сыртқы істер министрлігі мамандары қосылған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 мамырда көрші мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарымен жұмыс тобының жедел отырысы өтіп, онда проблемалық аймақтардың тізімі жасалған.

"Тараптар шекарада жиналу бойынша проблемалық аспектілерді жедел шешу бойынша тиісті шаралар кешенін қабылдады. Атап айтқанда, көлік ағындарын қайта бөлу жүзеге асырылды (едәуір көлемі қайта жаңартылған "Б.Қонысбаева" өткізу пунктіне бағытталған), өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, автокөліктердің шекара арқылы өтуі бойынша бақылау операцияларын жеделдетіп жүргізу үшін кеден бекеттерінің штаты қосымша жасақталды. МКК бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, МКК деректері бойынша Өзбекстанның мемлекеттік органдарымен - кедендік, шекаралық және басқа да қызметтермен - екі жаққа да жүктер мен көлік құралдарын қабылдауды ұлғайту және шекарада бақылау операцияларын жеделдету бойынша келіссөздер жүргізілгені айтылды.

"Жұмыс тобы жақын күндері екі жақтың барлық өткізу бекеттері жұмысын тексереді. Үкіметтің тапсырмасын орындау аясында Өзбекстанмен шекарадағы тауар айналымын және өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жалғасады", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

Биыл мамырдан бастап Қазақстанға Өзбекстаннан, оның ішінде Ресейдегі келесі транзитпен жеміс-көкөніс өнімдерін әкелу дәстүрлі түрде ұлғайғаны атап өтілді. Бүгінде Түркістан облысы бойынша МКД үш кеден бекеті тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк АТС қабылдайды: "Б.Қонысбаева" - 500 АТС, "Қазығұрт" - 200 АТС, "Атамекен" - 200 АТС. "Қапланбек" бекеті мен Өзбекстанның іргелес бекеті құрылыс кезеңінде толығымен жабылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети