​​​​Қазақстан Өзбекстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

​​​​Қазақстан Өзбекстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

​​​​Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

​​​​Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес.

Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.

Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.

Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем", - делінген мәлімдемеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.66  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети