Қазақстан палестиналықтардың өз мемлекетін құру құқығын қолдайды - СІМ

viewings icon 874 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ашық дереккөзден алынған Фото ашық дереккөзден алынған

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммиті өтті. Оған Қазақстан да қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммиті өтті. Оған Қазақстан да қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммит барысында Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның палестиналықтардың өз мемлекетін құруға заңды құқығын қолдайтынын мәлімдеді. Біздің еліміз БҰҰ қарарларына сәйкес "Екі халық үшін екі мемлекет" формуласын жүзеге асыру Палестина халқының бейбіт және қауіпсіз болашағын қамтамасыз етудің жалғыз жолы деп санайды.

"Біздің ел палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және халықаралық мойындалған Палестина мемлекетін құруға заңды құқығын толығымен қолдайды", - деді Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар, Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Газа секторындағы қатыгез әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын атап өтті.

"Біздің ел Мысырдың бейбіт тұрғындарға медициналық және гуманитарлық көмек көрсету дәліздерін ұсыну туралы шешімін мақұлдайды. Қазақстан өз тарапынан жақында палестиналық бауырлар үшін бір миллион доллар аударды және қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз", - деді Нұртілеу.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның 150-ден аса азаматы, негізінен қазір Газада жүрген әйелдер мен балалар Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы шыға алмағанына алаңдаушылық білдірді.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мысыр мен қатысы бар барлық тарапты Газа секторынан барлық бейбіт тұрғындарды, соның ішінде Қазақстан азаматтарын да эвакуациялауды қамтамасыз етуге шақырамын", - деді Нұртілеу.

Соңында премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі барлық халықаралық және гуманитарлық ұйымдарды гуманитарлық апатты жеңілдету және зардап шеккен аудандарда өмір сүру жағдайларын қалпына келтіру үшін Газа секторындағы қазіргі өте қиын жағдайға араласуға шақырды.

"Біз тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек", - деп түйіндеді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю