Қазақстан Парижде болған терактілерді қатаң сынайды және лаңкестіктің кез келген көрінісіне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ арнайы мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Қазақстан Парижде болған терактілерді қатаң сынайды және лаңкестіктің кез келген көрінісіне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ арнайы мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Біз еш кінәлары жоқ адамдардың қаза болуына байланысты француз халқына, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына кайғырып көңіл айтамыз және жарақаттанғандарға тезірек жазылып кетуді тілейміз", - деп жазылған ведомствоның арнайы хабарламасында.
"Қазақстан БҰҰ аясындағы барлық халықаралық қауымдастықтың терроризм мен экстремизмге қарсы күреске күш-жігерін қолдайтынын мәлімдейді және барлық адамзаттың күшін біріктіре отырып қана бұл зұлымдықты жеңуге болатынына сенеді. Осы мақсатқа қол жеткізудің бірден бір жолы БҰҰ шеңберінде ғаламдық лаңкестікке қарсы желі құру деп санаймыз", - деп хабарлады ҚР СІМ.
Сонымен қатар, ҚР СІМ арнайы өкілі Алтай Әбибуллаевтің айтуынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. "ҚР СІМ "жедел телефон желісін" іске қосты: +7717272111. "Жедел телефон желісі" Қазақстанның Париждегі елшілігінде де ашылды: +33 1 45 61 52 00. Париждегі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналған жерлерден қашу ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Le Monde басылымының мәліметінше, Париждегі теракт салдарынан 140 адам қаза тапты. Белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.