Қазақстан парламенті банк қызметі туралы жаңа заң қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан парламенті банк қызметі туралы жаңа заң қабылдады Фото:depositphotos.com

Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістерді ескере отырып, "Банктер және банк қызметі туралы" заң жобаларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістерді ескере отырып, "Банктер және банк қызметі туралы" заң жобаларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Сенатта банктер туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралған болатын. Талқылау барысында депутат Амангелді Нұғманов банктерге қойылатын тым қатаң талаптар несие қолжетімділігін төмендетуі мүмкін екенін айтқан.

"Реттеуді шамадан тыс қатаңдату кредиттік ресурстардың қолжетімділігінің төмендеуіне, инвестициялық белсенділіктің әлсіреуіне және экономиканың нақты секторына қаржы ағындарының қысқаруына әкелуі мүмкін", – деген еді депутат.

Сенатордың айтуынша, бірқатар маңызды мәселелер бойынша сарапшылар мен мемлекеттік органдар нақты әрі түсінікті жауап бермеген. Сондықтан банктерге бақылауды күшейту олардың тұрақты жұмысына және экономиканың дамуына кедергі келтірмеуі үшін заң жобасын пысықтау қажет болған.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұған дейін бас комитет заңның кейбір баптарын мақұлдамауды ұсынып, оларды жаңа редакцияда Мәжіліске кері қайтаруды ұсынғанын мәлімдеген. Түзетулер кестесінде барлығы 16 өзгеріс көрсетілген.

Айта кетейік, Қазақстандағы банктер туралы жаңа заң жобасы банктерді лицензиялау рәсімін жеңілдетуді көздейді.

Мәжіліс қандай шешім қабылдады?

Комитет Сенат ұсынған нақтылаушы түзетулермен келісті. Бұл өзгерістер банк секторын реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, банк құпиясын сақтау талаптарын қазынашылық органдарына да қолдану ұсынылады.

Сондай-ақ деректер витринасын енгізудің мақсаттары мен онда қамтылуы тиіс ақпараттың тізбесі нақтыланды. Тиісті нормаларды қолданысқа енгізу мерзімін 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру ұсынылды.

Бұдан бөлек, түзетулер базалық банк лицензиясынан әмбебап лицензияға көшу кезінде пруденциялық нормативтерді сақтау талаптарын нақтылайды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының резиденті емес ислам банктері филиалдарына инвестициялық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығын беру көзделіп отыр.

Жалпы алғанда, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар банк қызметін реттеуді жетілдіруге, қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және елдің қаржы нарығын дамытуға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети