Бүгін Қазақстан Парламенті Сенаты "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Заңды қабылдады. Енді аталған Заң ҚР Президентінің қол қоюына жолданады, - деп хабарлайды "Алаш айнасының" тілшісі.
Бүгін Қазақстан Парламенті Сенаты "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Заңды қабылдады. Енді аталған Заң ҚР Президентінің қол қоюына жолданады, - деп хабарлайды "Алаш айнасының" тілшісі.
Шартқа сәйкес, Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерің Еуразиялық экономикалық одақты құрады. Заң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталады. Сонымен қатар, Заң шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына қатысты бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, шартта тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, ресурстардың бірыңғай дамуын қалыптастыруға ұмтылу көзделіп, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жандандыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қарастырылады. Бұл ретте ЕАЭО -халықаралық құқық субъектілеріне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
Шартты ратификациялау экономикалық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына септігін тигізеді. Өткізу нарығын кеңейту мен инвестициялық тартымдылықты арттыру негізінде Қазақстанға қайта өңдеу өндірістерін дамытуға, газ тасымалы, теміржол, автомобиль инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығына отандық тауарлардың шығуына кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экспорттаушылардың әріптес елдердің көлік инфрақұрылымына қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Мұның өзі көліктік шығындарды азайтуға және үшінші елдер нарығында қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шартқа сәйкес, ЕАЭО өз қызметінде тараптардың егемендігі мен олардың аумақтың тұтастығы қағидаттарын қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтеу, мүше елдердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу, тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету, нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асыратын болады.
"Шарттың нысаны - тек қана экономикалық ынтымақтастық мәселелері. Егемендік, теңдік, тең құқылық және мемлекеттің ұлттық мүдделерін ескеру принциптері қамтамасыз етілді. Еуразиялық экономикалық одақтың барлық деңгейіндегі шешімдер қабылдау кезінде басшылыққа алынатын консенсустың нақты тетігі қамтылатын болады. Бұл қандай да бір мемлекеттің басымдықта болатын мүмкіндіктеріне жол бермейді. Егемендік теңдік қағидаты шешімдер қабылдау тетігінде ғана емес сонымен қатар, қат ысушы елдердің Еуразиялық одақ органдарына ұсынылу санында да бекітілген", - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Беларусьтың ЕАЭО туралы шартты бір мезгілде ратификациялауы мүмкін екені хабарланған болатын.