Қазақстан парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады Midjourney

Мәжіліс депутаттары Сенаттың жасанды интеллект (ЖИ) туралы заңға енгізген түзетулеріне келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Сенаттың жасанды интеллект (ЖИ) туралы заңға енгізген түзетулеріне келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір апта бұрын Сенат ЖИ туралы заңды қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарған еді. Сенаторлар ЖИ жүйелерін қолдану арқылы келтірілген зиян үшін міндетті сақтандыруды енгізуді ұсынды. Бұған дейін тек ерікті сақтандыру туралы айтылған болатын.

Сонымен қатар, бұрын заңда тәуекел анықталған кезде залалды азайту шараларын қабылдау жеткілікті болса, енді түзетулерге сәйкес, ЖИ иелері ықтимал қауіптің алдын алып, зиян келмеуін қамтамасыз етуге міндетті.

Мәжіліс түзетулерді мақұлдады

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті сенаторлар ұсынған өзгерістермен келісуге болатынын айтты. Депутаттар түзетулерді қолдап дауыс берді. Осылайша, заң түпкілікті қабылданды және Президенттің қол қоюына жолданады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Парламентінде заң алдымен Мәжілісте қабылданып, кейін Сенатқа жіберіледі. Сенат оны мақұлдап Президентке жолдай алады немесе кей нормаларға қарсылық білдіріп, құжатты қайта Мәжіліске жібереді. ЖИ туралы заң да осындай тәртіппен қайта қаралған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети