Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады Фото:depositphotos.com

Бүгін Сенатта "Массмедиа туралы" (түпнұсқа атауы - "Масс-медиа туралы"), "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне массмедиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Массмедиа мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы" заңдар қаралып, екі оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңдарда отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері туралы нормалар қарастырылған. Журналистерге қатысты ескіру мерзімі бір жылға, БАҚ сауалына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылған.

Бұдан бөлек, өзгерістер мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды, кезең кезеңімен 5 пайызға (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көшуді көздейді. Сондай-ақ, отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле -, радиобағдарламалар мен музыкалық шығармалар санын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту (кезең кезеңмен енгізу ұсынылды).

Сондай-ақ, отандық теле-радио арналардағы шетелдік теле-радио бағдарламаларды қайталап көрсетуді 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.

Кодекстер мен заңдарға "БАҚ" деген сөзді "массмедиа" деген сөзбен алмастыратын өзгерістер енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети