Парламент Сенаты екі оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Сенаты екі оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түзетулер мемлекеттік отбасылық саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатайтуға, отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
"Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және қарауға ұсынылған заңдарда көрініс тапқан зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды", - деді Сенат депутаты Жанна Асанова.
"Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін реттейтін" Заңмен Қылмыстық кодекске мынадай өзгерістер енгізіледі:
- адамдардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар кезінде кодекстің ерекше бөлігінде көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салу;
- тараптардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ Кодекстің 108-1 ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") және 109-1 ("Ұрып-соғу") - баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар татуласқаннан кейін бір жылдан кейін қайталап жасалған жағдайларда татуласуына жол берілмейді;
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге, денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге бағытталған іс-әрекеттер үшін бас бостандығын шектеу түріндегі баламалы жаза алынып тасталады және бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді;
- кәмелетке толмаған адамды өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабы), кәмелетке толмағанға қатысты зорлау жасағаны үшін (ҚК-нің 120-бабы) және кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін (ҚК-нің 121-бабы) ҚК-нің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді;
- 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы тиісу үшін жауапкершілік енгізіледі;
- өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе көмектесу үшін жаза белгілейді;
- қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына сот қолданатын ерекше талаптарды белгілейтін жаңа бап енгізілді;
- Сенат депутаттары заңды бірінші және екінші оқылымда мақұлдауға дауыс берді. Құжат Президеттің қол қоюына жіберіледі. Ол қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!