Қазақстан Парламенті вейпке тыйым салу туралы заң қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламенті вейпке тыйым салу туралы заң қабылдады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары Сенаттың денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасына енгізген түзетулерге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары Сенаттың денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасына енгізген түзетулерге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер сенаторлар ұсынған түзетулерді қабылдауға дауыс берді. Енді құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі. Мемлекет басшысы қол қойған жағдайда заң түпкілікті қабылданады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Сенат депутаттары жеке баптарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар төменгі палата қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және "оның мазмұнын нашарлатпайды".

"Осыған байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заңның кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келісуді ұсынады", - деп қосты Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети