Қазақстан полициясы екі украиналыққа іздеу жариялады: олар қандай күдікке ілінген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан полициясы екі украиналыққа іздеу жариялады: олар қандай күдікке ілінген? Фото: qamqor.gov.kz

Ұлытау облысының полициясы екі шетелдікке, яғни украиналық Павло Деревцов пен Руслан Крамськойге халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысының полициясы екі шетелдікке, яғни украиналық Павло Деревцов пен Руслан Крамськойге халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, шетелдіктер Қазақстан аумағында есірткі өткізудің халықаралық схемасын құрды деген күдікке ілінген.

"Руслан Крамськой мен Павло Деревцов Telegram мессенджеріндегі интернет дүкен арқылы Қазақстанда сатылатын есірткіні өткізуге ТМД (Қазақстан, Қырғызстан, Украина) азаматтарын тартып, кейін кірісті заңдастырудың халықаралық схемасын құрған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоаралық жедел тергеу тобы есірткі, психотроп заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау деректері бойынша Telegram арнаны ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3 және 5-тармақтары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

qamqor.gov.kz/

qamqor.gov.kz/

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети