29 қыркүйек 2015 | 09:33

Қазақстан Президенті жаһандық дағдарыспен күресу жолдарын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. © Akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. © Akorda.kz

Дүйсенбі күні, 28 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысып, күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбі күні, 28 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысып, күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды. Оның мәні - барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыруды ұсынды. Оның құрамына, айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сайлаған мүше мемлекеттермен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің барлық басшылары, соның ішінде Халықаралық валюта қорының да басшылары ене алар еді. Кеңеске Жаһандық экономикалық реттеушінің міндеттері жүктелуге тиіс.

Назарбаевтың айтуынша, әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелер - терроризм, мемлекеттердің күйреуі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбылыстар экономикалық дағдарыстың, кедейшіліктің, сауатсыздық пен жұмыссыздықтың салдарлары.

Ол жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялылық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастаудың қажет екенін айтты. "ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет", - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында  Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды. "Қазақстан - ядролық полигонды жапқан және ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел. Ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста да құрған жөн. Ядролық державалар ядролық қаруға иелік етуден бас тартқан барлық елдерге күш қолданбауға кепілдік беруге тиіс", - деді Назарбаев.

"...Қазіргі таңда мемлекеттердің бейбіт мақсатта қолданылатын атомға және ядролық отынға кемсітусіз қол жеткізу құқығын кепілдендіру қажет. Нақ осы себепті біз Қазақстанда МАГАТЭ-нің Халықаралық аз байытылған уран банкін құру туралы келісімді қолдап, қол қойдық. Бұл - жаһандық ауқымдағы оқиға. Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатта қолданудың маңызды қадамы ретінде бағалауға тиіс. Сонда атом энергетикасын дамытқысы келетін елдер үшін уранды өздері байытудың еш қажеттілігі болмайды", - деді елбасы.

Мұнымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев санкцияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет екенін атап өтті. "Миллиондаған адамдардың игілігіне әсер ететін халықаралық санкциялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. Бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік тәртіптің негіздерін ыдыратады, "қырғи-қабақ соғыстың" сарқыншағына айналады", - деді ол.

"Әмбебап ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыра алатын балама жоқ екенін атап айтқым келеді.
Елдердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауы қазіргі әлемдік тәртіптің ең басты мәселесі болып қала береді. Қазақстан Украина дағдарысын бейбіт жолмен реттеуді және Минск келісімін қақтығысушы тараптардың толық орындауын дәйекті түрде жақтап келеді. Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек. Сол үшін 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын", - деді ҚР Президенті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынды. "Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын әзірлеп, қабылдау қажет", - деді ол. 

Өз сөзінде Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының "Баршаға арналған тұрақты энергетика" бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы "Болашақтың энергиясы" тақырыбымен бүкіләлемдік көрменің өтетінін айтып, оған барлық мемлекетті көрмені дайындауға және өткізуге қатысуға шақырды. Бұдан кейін ол "ЭКСПО-2017" көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды.

Назарбаевтың айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен "Жаңа Болашақ" (NEW FUTURE) концепциясын әзірлеу Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болар еді. "NEW FUTURE дегеніміз - ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік және реформалар. Қазақстан Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіру үшін араағайындық жасауға күш салып келеді және күш сала бермек. Аталған бағыттар мен қағидаттар Қазақстанның 2017-18 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану науқанына арқау болып отыр.
70-інші сессияға қатысушылардың барлығын біздің еліміздің кандидатурасын қолдауға шақырамын", - деді Назарбаев.

Сөзін қорытындылай келе Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген бастама көтерді. Ол БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіру туралы ұсыныс айтты. Назарбаев БҰҰ-ның штаб-пәтерінің неліктен Нью-Йоркте орналасқанын еске салды. "70 жыл бұрын Женевада, жұмыс істеуден қалған Ұлттар Лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орналастыруға шешім қабылданды. Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының ролі артқандығына байланысты болған еді. Әлемді дамыту орталығы Кәрі құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің жаңа орны - АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты.", - деді ол.

"Содан бері көп нәрсе өзгерді, әлем өзгеше қалыптасты. ХХІ ғасырда даму орталығы әлемнің ең үлкен континенті - ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады.
Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр", - деп түсіндірді Назарбаев өз бастамасын.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети