Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жан-Арай" агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жан-Арай" агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы күріш өңдеу ісіне мамандандырылған агроиндустриялық кешенде болып, оның жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесіп, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап көрсетті.
"Ауыл шаруашылығы - әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады", - деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.