Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмысы басталды.

Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын [email protected] электрон поштасына жібере алатыны айтылды.

Конституциялық Кеңес - бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев - Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға - Қайрат Мәми.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети