03 ақпан 2017 14:35

Қазақстан Президенті министр үшінші ескерту алса жағдайының қиындайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті қаржы министріне үшінші ескертудің қайғылы аяқталуы мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті қаржы министріне үшінші ескертудің қайғылы аяқталуы мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Биылғы Жолдау аясында қойылған міндеттер жайында айта отырып, Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетіне бірнеше тапсырма берді. Соның ішінде Президент барлығын бюджетті үнемдеуге шақырды.  

"Алматыда Универисада өтіп жатыр. "Бұл ең арзан Универсиада болды" дейді Халықаралық универсиада жетекшісі. Өйткені біз үнемдеудің барлық мүмкіндіктерін игердік", - деді Президент көлемді шараларды қаржы үнемдей отырып өткізуге болатынына мысал келтіріп. 

"Мемлекетке, халыққа қызмет ету. Онда қызмет етейік - мемлекеттің әр тиынын үнемдеп жұмсайық. Мұнымен неге мен ғана айналысуым керек? Бюджет сіздерге берілді ме, үнемдеу туралы сіздер ойлануларыңыз керек. (...) Мемлекет қаржысын есептеу. Бұл істе Қаржы министрлігі тиын санау керек, ал олар бұған әлі дағдыланған жоқ", - деді Президент. Бұл сөзін Елбасы тағы Бақыт Сұлтановқа қарата айтты.

"Мен саған мемлекеттік қаржыны дұрыс пайдалану туралы бір рет айтқанмын. Енді екінші ескерту айтып отырмын. Байқа, үшінші ескерту қайғылы аяқталуы мүмкін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтанов "мемлекет қаржысын қорғаушы" екенін есіне салды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети