26 сәуір 2016 | 12:22

Қазақстан Президенті оқушыларға қажет емес пәндерді тықпалай беруді доғаруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© edu.gov.kz © edu.gov.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мектеп оқушыларының білім беру бағдарламасы бойынша өте көп пәндерді оқитынын айтып, оларды қысқартуды қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мектеп оқушыларының білім беру бағдарламасы бойынша өте көп пәндерді оқитынын айтып, оларды қысқартуды қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол азаматтарға барлық реформалар мен жаңалықтардың түсіндірілуі керектігін атап өтті.

"Кештерде барлығы бірдей теледидар алдында отырмайды. Барлығы газет оқымайды. Бізде "Нұр Отан" партиясы бар, бізде Ассамблея бар, жергілікті атқарушы органдар бар, олар ауылдарда және аудандарда мұның не үшін қабылданғанын түсіндіруі керек. Егер сұрақтары пайда болса, адамға ыждаһаттылықпен мұның неліктен жасалып жатқанын айту керек. Мәселен, білім беру мәселесі. Мектеп бағдарламасы, бескүндік оқу аптасы және үш тілде оқыту бастамалары талқыланды. Мұның неліктен жасалып жатқанын адамдарға кім түсіндірді?", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында.

"Білім және ғылым министрлігі, мектептер барлығы орындарында, онда мұғалімдер бар, бастапқыда сол мұғалімдермен ақылдасу керек. Мен негізі дұрыс деп есептеймін. Біздің балаларға қиын. Бескүндік оқу апталығын бірдеңені қысқарту арқылы жасамау керек. Мен бұл мәселеде маман емеспін, маған осы жайлы түсіндірді, яғни мамандар бар, олар осында отырады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті - бір пән қылуға бола ма? Әдебиет пен орыс тілінің грамматикасын, тарих пен географияны қосып жіберуге бола ма? Біз балаларға көптеген пәндерді тықпалай береміз, мұндай жағдай әлемнің ешбір елінде жоқ", - деді ол.

"Біз кейде америкалықтарды Тәжікстан мен Ауғанстанды айыра алмайтынын айтып, сынаймыз, бұл расында да солай, мұны олар өмір сүре келе біледі. Ол жақта олар қалай өмір сүру керек екенін, біліміңді өмірде қалай қолдану керек екеніңді, өмірде аяққа тұрып кету жолын үйретеді. Ал біз мұны ертеден-ақ жасап келеміз. Байқұс балаларымыз таң атқаннан күн батқанша далаға шықпайды. Мұны зерттеу қажет, мәселені алып, дереу шеше салды, - жоқ, адамдармен ақылдасу керек, егер балаларымыздың және еліміздің болашағын ойласақ, бұл өзгерістер білім беру сапасын жақсарту үшін қажет. Барлығы да анықтап талқылап, қарастырғаннан кейін ғана қабылдануы тиіс. Мектеп мәселесі әрбір отбасыға әсер етеді. Сондықтан барлық ұстаным елеусіз қалмауы тиіс. Мұнда ойланбай жасаған эксперименттерге жол жоқ, ешкім бізді міндеттей алмайды, не істеуіміз керегін өзіміз шешеміз", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети