20 наурыз 2016 | 12:14

Қазақстан Президенті сайлаудан кейін үкіметті отставкаға жіберу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейін үкіметті отставкаға жіберу жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейін үкіметті отставкаға жіберу жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Сайлау қалай өтеді - көреміз. Алдын ала қарайтын болсақ, болжам - Парламент пен жергілікті (мәслихат) 60 пайызға өзгереді. Бұл дұрыс, себебі өмір жаңа, түсінетін адамдарды талап етеді. Бұл кәсіби Парламент, заңдарды бұл мәселенің мамандары, яғни заңгерлер шығаруы тиіс. Экономиканы экономистер ілгерілетуі тиіс. Сол үшін де осы өзгерістер болып отыр. Үкімет Парламентпен құрылады. Қайта сайланған Парламент алдында үкімет өз өкілеттігін қалыптастырады, сайлаудан кейін және Парламент құрамы бекітілгеннен кейін үкіметке сенімділік үшін дауыс беріледі. Егер премьер-министрге сенім артылса - үкімет өз жұмысын жалғастырады. Сенім артылмаса - үкімет таратылады. Бұған Парламент депутаттары құқылы", - деді Назарбаев.

"Егер менің, Президенттің жеке пікірін білгілеріңіз келсе, естеріңізге салғым келеді, үкімет былтыр президенттік сайлаудан кейін өзгерді. Ол да Конституция бойынша жасалды. Үкіметтің бүгінгі құрамы бүгінгі таңда бәріміз жұмыс істеп отырған заңдар мен бағдарламаларды жасап шығарды, ал антикризистік бағдарламалар, яғни бес институционалдық реформаны үкімет құрамы өте сауатты таңдаған деп есептеймін. Адамдар білімді, жастар, тіл білетін, шет тілдерін де, өз тілімізді де және өз ісінің мамандары. Менің ойымша, оларға қолға алған істі аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік беру керек сияқты", - деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс бергені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети