Қазақстан президенті сайлауының қорытынды нәтижесі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті сайлауының қорытынды нәтижесі шықты

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытынды нәтижесін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытынды нәтижесін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңғы уақытта өткен отырыста біз алдын ала қорытындыны жарияладық. Енді Қазақстан президентін кезектен тыс сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялай аламыз", - деді ОСК төрағасы Берік Имашев.

Сайлау қорытындысы мынадай:

Жамбыл Ахметбеков - 167 649 дауыс - 1,82 пайыз
Дания Еспаева - 465 714 дауыс - 5,05 пайыз
Әміржан Қосанов - 1 495 401 дауыс - 16,23 пайыз
Төлеутай Рахымбеков - 280 451 дауыс - 3,04 пайыз
Амангелді Таспихов - 182 898 дауыс - 1,98 пайыз
Касым-Жомарт Тоқаев - 6 539 715 дауыс - 70,96 пайыз
Сәдібек Түгел - 84 582 дауыс - 0,92 пайыз

Сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети