12 шілде 2019 18:27

Қазақстан президенті Валентина Матвиенконы марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі "Достық" орденімен наградталсын", - делінген Жарлықта. 

Валентина Матвиенко - ресейлік саясаткер, дипломат. 2016 жылы ол II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Токаев пен Матвиенко 4 сәуірде Мәскеуде кездесті. Кездесуде Федерация Кеңесінің Төрағасы парламентаралық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысына екіжақты парламенттік өзара іс-қимылды дамытуға және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети