Қазақстанда 2015 жылы 26 сәуірде өтетін президенттің кезектен тыс сайлауы бюллетеньдерінің саны өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда 2015 жылы 26 сәуірде өтетін президенттің кезектен тыс сайлауы бюллетеньдерінің саны өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдіктердің, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдардың сайлаушылар тізімдерін нақтылау бойынша бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесінде, белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың жалпы саны 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 213 мың адамға артты. Осыған байланысты, 26 наурызда белгілеген қажетті бюллетеньдердің саны 157 мыңға көбейді.
"2015 жылы 7 сәуірде болған Орталық сайлау комиссиясының отырысында "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы" ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 26 наурыздағы №19/43 қаулысына өзгеріс енгізу және дайындалатын сайлау бюллетеньдерінің жалпы санын көбейту туралы шешім қабылданды. Аталған шешімге сәйкес жалпы алғанда (тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызын қоса) 9 610 138 бюллетень, яғни Ортсайлауком бұрын белгілеген саннан 159 081-ге артық дайындалатын болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, әкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін берді.