РФ Тұтынушылар құқықтарын қорғау және адам саулығы саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) Қазақстан аумағында арақ пен сыраның бірқатар ресейлік маркасын сатуға салынған тыйымның алып тасталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Роспотребнадзордың бастамасымен болған Ресей - Қазақстан екіжақты кеңес берулерінің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды. "Кеңес берулер тараптарға қалыптасқан ахуалды жан-жақты талдауға және талқылауға мүмкіндік жасады. Бірлескен жұмыстың нәтижесі Қазақстан аумағында Ресей өнімдерін кедергісіз саудалауды жалғастыру туралы шешім болды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстанда Ресей алкоголінің танымал маркаларын сатуға тыйым салынған еді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті тыйымға ресейлік өнімдердің тағам қауіпсіздігі талаптарына сай келмеуі себеп болғанын түсіндірді. Атап айтқанда, мына өнімдерге тыйым салынған болатын: "Талка", "Империя", "Дикий гусь", "Зеленая марка "Ржаная", "Русский гарант качества", "Рублевка", "Посольская" арақтары; Miller Genuine Draft, "Hoegaarden White белое" сыра сусындары; Grolsch Premium Lager, Brahma, Pilsner Urguell, "Жигули" барное, бархатное", "Жигулевское" оригинальное", "Бад", Lowenbrau Original оригинальное" сыралары".