Қазақстан Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын - СІМ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын - СІМ Фото ©РИА Новости

Қазақстан екі тарап та қажет деп тапса, Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Әрине, адам шығыны (үлкен алаңдаушылық тудырады - ред.). Орыс және украин халқы біз үшін бауырлас халықтар екені түсінікті. Сондықтан, әрине, алаңдаймыз. Өз тарапымыздан қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Екі тарап та қажет деп тапса, келіссөз өткізуге орын ұсынуға дайынбыз", - деді Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңес отырысында.

Ол бұл туралы әлі ешқандай келісім жасалмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети