Қазақстан-Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі кезекте тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан-Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі кезекте тұрып қалды Фото Instagram.com/shekaraknbkz/

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Қалыптасқан жағдай шекаралас мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап ету)", - делінген хабарламада.

Ресейден Қазақстанға келе жатқан Ресей Федерациясының "Маштаков" іргелес өткізу пункті ауданында да осындай жағдай қалыптасқаны ескертті. Онда 400-ден аса көлік кезекте тұр.

"Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети