22 маусым 2022 09:39

Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктер кезегінің себебі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктер кезегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктер кезегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ресей-Қазақстан шекарасындағы бес шақырымдық көлік кезегі түсірілген видео тарап жатыр. Автор Қазақстанға кіруге ниеттілер кезегі 11 маусымда жинала бастағанын айтады.

Шекара қызметі мәліметінше, шынымен де шекарада ресейліктер саны артқан, бірақ бұл мереке күндерге байланысты.

"11 маусымда Ресей күнін мерекелеуге және 12-13 маусым демалыс күндері деп жарияланғанына байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасында Қазақстанға туыстарымен көрісуге, демалуға келетін ресейліктер саны аздап өсті. Осыған байланысты қазақстандық бақылау-өткізу бекеттерінде қызметкерлер саны көбейіп, өткізу штаттық режимде жүргізілді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети