Астанадағы Қазақстан-Ресей университетін жабу мәселесі кейінге қалды. Бұл шешім тамыз айында іске асуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Астанадағы Қазақстан-Ресей университетін жабу мәселесі кейінге қалды. Бұл шешім тамыз айында іске асуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан-Ресей университетінің білім беру бойынша лицензиясын қайтарып алу мәселесі екі айға шегерілді. "Астана қалалық мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, "Қазақстан-Ресей университеті" атты жеке меншік білім беру мекемесінен әкімшілік айыппұл өндіріп, оның лицензиясын қайтару бойынша соттың 2014 жылы мамырдың 6-сы күнгі шешімін атқару мерзімі екі айға, яғни тамыздың 6-сына дейін шегерілді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Қазақстан-Ресей университеті жабылды деген ақпарат болған. Себебі 2013 жылы өткен тексеріс кезінде аталған мекеменің қызметінде бірталай кемшіліктер анықталды. Айтап айтқанда, күндізгі бөлімде оқитын студенттердің саны тек 1056 адамды ғана құрады. Талап бойынша 2100 студент болуы шарт. Бұдан бөлек, ғылыми әдебиеттер мен оқытушы-профессорлар құрамы тиісті талапқа сай болмай шықты.