05 қыркүйек 2022 15:50

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақшолақов дизель отынын екі партиямен жеткізу жоспарланғанын айтты.

"Жалпы көлем 100 мың тоннаға дейін жетеді және бұл Ресейден келетіні анық. Бізге жақын жеткізушілерде дизель отынының онша мөлшері жоқ. Мұндай мүмкіндік әуе керосині сияқты қажет болған жағдайға алдын ала қарастырылған. Сондықтан, жөнелтулер басталып кетті, бұл мәселемен "ҚазМұнайГаз" компаниясы тікелей айналысып жатыр", - деп түсіндірді министр.

Жақында дизель отынының бірінші партиясы жеткізіледі деп күтіледі, деді Болат Ақшолақов.
 
Бензин мен дизель отыны қымбаттай ма? Министр жауабы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети