"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшатын "Союз" типіндегі тасымалдаушы зымыранның бөліктері түсетін жер үшін Ресей Қазақстанға жылына 460 мың доллар төлейді. Мұндай соманы "Наш Костанай" басылымына Қазақстанның инвестиция және даму жөніндегі вице-министрі Альберт Рау айтып отыр. Ресейліктердің бұл төлемі тасымалдаушы зымыранның қанша бөлігінің түсетініне байланысты болмайды.

"Мұнда мәселе бөліктердің құлау траекториясының өзгеруі жайлы болып отыр. Яғни, бұрын бөліктер Жезқазған жаққа құлайтын, ал енді Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының және Қостанай облысының Жангелді ауданының территориясына құлайды. Осы мақсатқа 63 мың гектар жер бөлініп отыр (630 шаршы шақырым - Авт.): 22 мың гектар Ақтөбе облысында және 41 мың гектар Қостанай облысында", - деді шенеунік.
Жангелді ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде. Ауданның аумағы - 37,6 мың шаршы шақырым, халық саны - 13 738 адам.
Ырғыз ауданы Ақтөбе облысында орналасқан. Ауданның аумағы - 41 500 шаршы шақырым, халық саны - 15 544 адам.
"Мен депутаттардың сұранысы бойынша екі облыстың әкімдеріне хат жаздым, олар бөлінген қаражаттың облыста тұрақтап қалмай, аудан бюджеттеріне берілетінін айтты, сол жаққа зымыран қалдықтары құлайды. Бұл қаражат әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Мен картаға қарадым, ол жақта елді мекендер көп емес, сондықтан сол аудандарда тұратын адамдар әлеуметтік мұқтаждыққа қаражат ала алады", - деді вице-министр.
Альберт Раудың айтуынша, қазіргі уақытта республика парламентінде ресейлік тараппен Қазақстан территориясындағы жер учаскесін қолдануға беру туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл аймақтарда зымыран қалдықтары 1-1,5 жылдан кейін құлай бастайды.