Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайланды

19 Шілде 2017, 12:07
0
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайланды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2017 жылғы 15 маусымда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 шілдеде Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды.


Сәбила Мұстафина. © ОСК

Бұған дейін 10 жыл бойы Ортсайлауком хатшысы болған Бақыт Мелдешов комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді.

Сәбила Сапарқызы Мұстафина - 1960 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Ерментау қаласында дүниеге келген. Мамандығы ауылшаруашылығы өндірісінің экономист ұйымдастырушы. Алғашқы еңбек қызметін етсүйекті ұн өндіруші зауытында аға экономист ретінде бастаған. 1983 жылы босатылған комсомолдық жұмысына ауысты. 1989 жылы саясаттанушы мамандығы бойынша Мәскеу қаласының Жоғары комсомолдық мектебін тамамдады. Еңбек өтілі алғашқы комсомолдық институт ұйымының хатшысынан бастап Қазақстанның Орталық комсомол комитетінің хатшысына дейін жетті.

1996 жылы республикалық бюджетті орындау бойынша есептік комитетінде қызмет атқарады. 1999 жылы Гендер саясаты және отбасы ісінің ұлттық комиссиясының хатшылығын басқарды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының премьер-министрі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Сонан соң, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілік кеңсесінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшылығының бас инспекторы қызметін атқарды. 2004 жылдың қараша айында Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2008 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлім секторын басқарады. 2008 жылдың сәуір айында Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. 2011 жылғы 29 қарашадан Астана қаласы "Есіл" ауданының әкімі болды.

"Құрмет" орденімен,"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтой медальдармен марапатталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай