05 желтоқсан 2014 | 14:00

Қазақстан РФ мен ЕО арасындағы шиеленісті реттеуде ерекше роль атқарады - Олланд

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франсуа Олланд. ©fedpress.ru Франсуа Олланд. ©fedpress.ru

Франция президенті Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Қазақстан РФ мен ЕО арасындағы шиеленісті жағдайды шешуде ерекше роль атқарады деп мәлімдеді, бұл туралы Tengrinews.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Франция президенті Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Қазақстан РФ мен ЕО арасындағы шиеленісті жағдайды шешуде ерекше роль атқарады деп мәлімдеді, бұл туралы Tengrinews.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Франсуа Олланд өзінің бұл сапары Қазақстан Президентінің Францияға 2012 жылғы сапарында жасалған уағдаластықтың нәтижесі екенін атап көрсетті.

"Егер кейінге үңіліп, Қазақстанның Миттеранның сапарынан бергі жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бүгінде ол дамып, нығайып келе жатқан мүлде басқа ел. Біз Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастың ширығуы байқалып отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда Сіздің ел айрықша рөл ойнайды, – деді Франция президенті.

Кездесу барысында қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттары талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғарыш, мұнай-газ және теміржол машиналарын жасау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың негізін еліміздің тәуелсіздігін Еуропада алғашқылардың бірі болып таныған және 1993 жылы Қазақстанға келген Франция президенті Франсуа Миттеран қалағанын айтты.

"Содан бері дамып келе жатқан қарым-қатынастарымыз бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейінде. Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді, көптеген бірлескен кәсіпорындар бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда. Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен бір қауымы келгеніне қуаныштымын. Біздің кездесуіміз қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін алғыс айтты. "Қазір Қазақстанда француз инвестициясының тұрақты артуы мен Қазақстанда француз экспортының дамуы байқалып отыр. Менімен бірге министрлер, парламентарийлер, кәсіпорын, университет директорлары бар ірі делегацияның келуі Францияның Орталық Азиядағы Қазақстан сияқты ірі экономикалық өңірмен ынтымақтасуға үлкен қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Қазақстан өзінің экономикалық дамуымен бірге, барлық көршісімен тең дәрежеде келіссөздер жүргізіп, ірі саяси оқиғаларға ықпал ете алатын саяси, дипломатиялық та үлкен роль атқарып отыр", - деді Олланд. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети