Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық уағдаластықтарды құптайды - СІМ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық уағдаластықтарды құптайды - СІМ

Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың қалпына келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді.

Ведомство Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети