Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бір жұмысшының қазасы туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бір жұмысшының қазасы туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін шахтадағы конвейердегі өрт салдарынан екі жұмысшының қаза тапқаны хабарланған болатын.
"Анықталған ақпаратқа сәйкес, бір адамның мәйіті табылды (деректердегі дәлсіздік екі жақтан кірген екі жедел-іздестіру бөлімшесінің бір мәйітті табуымен байланысты болған). Қазір марқұмның мәйітін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кейінірек Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасында шыққан өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды.
"АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапты. Біз марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамыз", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан" шахтасын өрт шығып, кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарлаған едік.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған.
Кейінірек өрт шыққан жерден екі кеншінің өлі табылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!